Жасбуын жалпы білім беретін мектебінің жанынан құрылған
«Сәт» театрының 2024-2025 оқу жылының
атқарған жұмыстары туралы мәлімет
Бағдарламаның мақсаты: Балалардың сана сезімін, жауапкершілігін, сауаттылығын, мәдениеттілігін, рухани дүниесін қалыптастыру;Балалар мен жасөспірімдерді көркемдік эстетикалық, шығармашылық, моральдік – этикалық нормаларды қалыптастыру, өнерге баулу;Балаларға актерлық шеберліктің негіздерін меңгерту, жеке тұлғаның таным талғамын арттыру; Жасбуын жалпы білім беретін мектебінің жанынан «Сәт» театр үйірмесі жоспар бойынша жоспарға текті жұмыстарын уақытында өткізіп отырды. Қатынасушы 3-9 сыныптардан 23 оқушы театрдың алға басуына өз үлестерін қосып келеді. Театр жетекшісі Мырзахметова Гулнур Калижановна. 1 жылдық оқу мерзімі 272 сағат.Жұмыс режимі аптасына 4 сағаттан екі топта 136 сағат. Оқушылар үшін әрбір жұмыстарды атқару,сахналық қойылым зор жауапкершілік екенін түсінеді. Оқушылардың үйірмеге қатынасуы белсенділікті танытты.Сахнада әр кейіпкерді сомдау , олардың образын лайықты кейіптеу оқушыларды қатты қызықтырады.Театр өнеріндегі актерлық өнердің негіздерін,мизансцена түрлері,сахнадағы сөздік мәнер,дауыс,театр ұжымдық өнер екендігін өткізілген сабақтарда түсіне білді.Актердың сахнадағы шынайылығы мен сенімділігі,театр өмір шындығы,актер шеберлігінің негізі туралы түсініктер қалыптастыра білді.Қараша айында Б Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай «Менің атым Қожа»фильмнен үзінді қойылымдар көрсетті. Кіші топтың ұйымдастыруымен мектеп сахнасында «Қоян,түлкі және әтеш» ертегісін сахналауда үлкен актерлық шеберлік таныта білді.Үйірме оқушыларымен «Еңбегің біздер үшін ерен аға!» атты ауылдың еңбегі еленген еңбек адамлдарымен кездесу өткізілді Бастауыш сынып апталығында кіші топ оқушыларының арасында «Сиқырлы ертегі әлемі» тақырыбында әр сыныптағы үйірме оқушылары ертегі сахналады.Нәтижесінде үздік ,шебер актер атақтарымен марапатталды.Сәуір айында көркемөнерпаздар театры мен хореграфиялық ұжымдар арасында өткен «Армандастар» балалар шығармашылығының аудандық фестиваль-конкурсына қатысып жүлдегер театр ұжымының дайындағаны үшін «Сәт» театр жетекшісі ретінде Алғыс хатпен марапатталдым.Театр ұжымы «Менің атым Қожа» киносынан үзінді қойылымынан жүлделі І орынды иеленді.» «Менің атым Қожа » тақырыбында 10 сынып оқушысы Қорғанбеков Нұрсәт Амангелді арайы баспасына жариялады.
Қорытынды:Оқушылар үйірмеге қатыса отырып театр деген не,басқа өнерден несімен ерекшеленеді,сахнаның негізгі техникалық құралдары жөнінде,безендірілуі жөнінде,сахнада өзін-өзі ұстай алу ережелерін үйренді.Бейнелі ойлауды,өз өміріндегі құбылыстарға қатынасын сахнада көрсетуді,өзін сахна кеңістігнде сезінуді түсіне білді.Кейіпкермен сөйлесу,қарапайым актерлық шеберлікті,ұжыммен жұмыс жасауды білді.Жауапкершілік,қоғамнан қорқу,сыртқы көзқарастан қысылу сияқты қасиеттерін алды.