ЖАСБУЫН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Жасбуын жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 120 оқушыға арналған, бір қабатты, типті ғимарат. Мектеп ресми 1936 жылы жеті жылдық мектеп болып құрылды. 1972 жылы жаңа ғимарат пайдалнуға беріліп, орта мектеп болды. Мектеп 2021 жылы күрделі жөндеуден өткізілген. Мектептің оқыту тілі: қазақ тілінде жүргізіледі.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Жасбуын жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарын 2025 жылғы 11 сәуір KZ86LAМ00001561 білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиясы мен білім беру ұйымының жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады. Қайта тіркеудің негіздемесі «Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің атауларын өзгерту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 4 қаулысымен бекітілген жарғысы бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Жасбуын жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып, заңды тұлға құқығын иеленді.
Мектепте білім беру тек қазақ тілінде екі ауысымда жүзеге асырылады. 2024-2025 оқу жылында 1 ауысымда 96 оқушы, 2 ауысымда 36 оқушы оқытылды. Барлығы 132 оқушы. Мектепке дейінгі шағын орталық: 3- 4 тобы- 30 тәрбиеленуші. Мектеп алды даярлық сынып- 16 тәрбиеленуші.
Қызметтік телефоны: 8-71440-25-6-04
Электрондық адрес: ardak.jas@mail.ru
Мемлекеттік мекеменің заңды мекен- жайы: 110200 Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Қарасу ауылдық округі, Қарасу селосы, М.Әуезов көшесі, 15 үй
БСН/ЖСН 961240000355